фото: pixabay.com
Ұлт бірлігінің, тұтастығының рухани тірегі – оның тілі мен әдебиеті, мәдениеті, дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, продюсер Майра Ілиясова.
Ұлттық дәстүрімізді, дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнер қайраткері «Алтын қалам» әдеби байқауы жаңа маусымын жариялағанын қуанышпен қабылдағанын айтады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталының тілшісі.
Бүгінгі таңда оқырманға жаңа заманның болмысын бейнелейтін тың туындылар, образдар мен жаңа кейіпкерлер керек екенін алға тартқан Майра Ілиясова «Алтын қалам» байқауы арқылы өзі әрі кітапсүйер қауым дарынды қаламгерлерден салмақты, мағыналы дүниелер күтетінін жеткізді.
«Біз кітапты сүйіп өстік. Әдебиет бізге моральдық, рухани қалқан болды, ар-намысты бәрінен биік қоюды үйретті. Бүгінгі таңда да қоғамды кітап тәрбиелесе деген тілегім бар, дейді әнші.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через