фото: https://pixabay.com/ru/
Ұлттық құрама мұндай нәтижеге тарихта алғаш рет қол жеткізіп отыр
Францияның Лион қаласында өткен 47-ші WorldSkills әлем чемпионатында қазақстандық колледж студенттері 7 медальон жеңіп алды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Жұмысшы мамандықтар бәсекесінде біздің еліміздің намысын 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.
"Ұлт үздігі" номинациясы және құзыреттіліктер бойынша үздіктер:
Руслан Юсупов — Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті — "Веб-технологиялар";
Әйгерім Досова — Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі — "Сән технологиясы";
Данияр Әбікенов — Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті — "Желілік және жүйелік әкімшілендіру";
Михаил Попов — Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті — "Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары";
Тимур Бабенко мен Эльнар Жуасбаев — Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері — "Мобильді робототехника";
Жанель Сағындық — Алматы қаласы "Әділет" колледжі — "Қонақ үй ресепшионисті";
Артур Лейман — Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті — "Мейрамхана сервисі" — "Ұлт үздігі" номинациясы.
WorldSkills Lyon — 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через