фото: pixabay.com
Пойыздарда жолаушылар жеке заттарын ұмытып немесе жоғалтып алып жатады. "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі мұндай жағдайда қалай әрекет ету және қайда жүгіну керек екенін айтты, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz.
Бірнеше жағдайды қарастырайық.
Егер затты ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз және пойыз әлі кетпеген және станцияда болса, оны пойыз бригадасынан алуға болады.
- Пойыз әлдеқашан кетіп қалған болса, жолаушы жедел жауап алу үшін @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-парақшасына хабарласа алады немесе WhatsApp-қа +7 776 714 5686 нөміріне жаза алады.
- Сондай-ақ, жолаушы станция бойынша кезекшіге хабарласып, вагон нөмірін, орналасқан жерін және ұмытылған заттардың сипаттамасын көрсете отырып, станция бастығының атына өтініш бере алады. Өтінішке заттарды жіберу туралы сұрауды қосу керек.
- Жолсерік ұмытылған заттарды тапса, олар пойыз бастығына тапсырылады және құрам пунктіне жіберіледі. Заттар станцияда сақталады және жеке куәлігін тексергеннен кейін иесіне беріледі.
Дегенмен, заттарды қабылдау кезінде жолаушы барлық шығындарды (сақтау, орау, тасымалдау) төлейтінін есте ұстаған жөн.
"Компания жолаушыларға жеке заттарын мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда көмек сұрауға кеңес береді".
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через