WhatsApp

Өзбектер таң қалдырып жатыр

Өзбектер таң қалдырып жатыр
фото: https://pixabay.com/ru/

Өзбекстан қауыннан қант алып, май өндіріп, тосап пен бал да жасап, сатып жатыр. Тіпті, бұл дақылды қайта өңдеуде қалдық қалдырмай, балық пен тауықтың жемін дайындап шығаруда. Мұны кәсіпкерлер Хиуада өткен қауын фестивалінде таныстырды. Егіні бітік шыққан диқандар биыл да Ичан қаласын тәтті дақылға толтырып, шетелдіктерді таңғалдырды.