фото: https://www.istockphoto.com/
Алматы қаласында 28 қыркүйекте сағат 9.00-де "Intercontinental" қонақ үйіндегі (Желтоқсан көшесі, 181) "Астана" конференц-залында Менопауза және андропауза бойынша бірінші Еуразиялық конгресс өтеді. Онда жетекші еуразиялық дәрігерлер мен ғалымдар әйелдер мен ерлердің денсаулығын талқылайтын болады.
Әлемдік сарапшылар менопауза бүгінде қоғамдық денсаулық мәселесі екенін және жақын арада қоғам үшін экономикалық сынақ болатынын атап өтті. Мұның себебі - әйелдердің жұмыс қабілеттілігінің остеопорозды сынықтарға немесе ұзақ мерзімді дәрі-дәрмектерге байланысты төмендеуі. Менопаузаның ұзақ мерзімді салдары бар, олардың арасында жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, остеопороз, когнитивті бұзылулар, Альцгеймер ауруының қаупі…
Бұл ретте әлемде (Қазақстанда да) менопаузаның басталу жасы салыстырмалы түрде тұрақты болып қалады және орта есеппен 49-50 жасты құрайды. Осылайша, орташа есеппен әйелдің өмірінің үштен бір бөлігі репродуктивті кезең аяқталғаннан кейін өтеді. ДДҰ сарапшыларының пікірінше, 2025 жылға қарай 60 жастан асқан әйелдердің саны 1 миллиардтан аспақ.
Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Менопаузадан кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін қазақстандық әйелдерде тағы 11 еңбекке қабілетті жыл бар екен. Бұл жағдайда олардың өмір сүру сапасы зардап шекпеуі маңызды.
Еркектердегі андропаузаға қатысты әлемдік зерттеулер 40 жастан асқан ер адамдардың 10-35% климактериялық синдромның көріністерін алға тартады, 51% андрогендік бұзылулардың клиникалық белгілерін (тестостерон жетіспеушілігі), ал 3% - олар айтарлықтай ауырлық дәрежесіне жетеді.
Конгрессте қатысушылар менопауза және андропауза мәселелерін пәнаралық көзқарас тұрғысынан талқылайтын болады, осы өмірлік кезеңдегі әйелдер мен ер адамдарға көмек көрсету бойынша заманауи ұсыныстарды қарастырады. Кәсіби пікірталастардың назарында менопауза менеджменті – денсаулықты сақтауға және өмір сапасын сақтауға біртұтас көзқарас, гормондық терапияның жаңа мүмкіндіктері, өмірдің осы кезеңінде тәуекелдерді азайту және басқалар тақырыбында болмақ.
Менопауза және андропауза бойынша бірінші Еуразиялық конгреске қатысушылар арасында Беларусь, Испания, Қазақстан, Ресей, Украина, Оңтүстік Африка елдерінің жетекші дәрігерлері мен ғалымдары да бар.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық (КМПА).
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через