фото: pixabay.com
Алдағы уақытта мемлекет жалға беретін пәтерді сатып алуға болады. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биыл 22 мыңнан аса жалға берілетін үйді әкімдіктер сатып алады. Барлық үй баспана кезегінде тұрғандарға беріледі. Кейін бұл пәтерді сатып алуға да мүмкіндік берілмек.
Фото: ОКҚ/massaget.kz
"Тиісті заң жобасы Сенатта қаралып жатыр. Құжат сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілген баспананы жекешелендіруге мүмкіндік беруді көздейді. Заң қабылданғаннан кейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді қазақстандықтар жекеменшігіне өткізе алады. Сатып алуға ақшасы жетпесе, онда бұрынғыдай тұра береді", - деді Бақытжан Жүнісбеков ОҚК-да баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2024 жылғы 8 айда баспана кезегінде тұрған 6 737 адамға жалдамалы пәтер берілген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через