фото: pexels.com
Алматы қаласы Әуезов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Асима Бақытжанқызы "Сапалы Қазақстан" порталының тілшісіне бүгінгі таңда бүкіл әлемде, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде қызылша жұқпасының өршуі байқалғанын және одан сақтану жолдары туралы мәлімдеді.
Маманның айтуынша, қызылша - жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері; қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады.
Ауру тек науқас адамнан жұғады. Жұқпа ауа тамшы арқылы беріледі. Вирус қоршаған ортаға жөтелу, түшкіру, сөйлесу, сілекей мен шырыштың ең кішкентай тамшыларымен енеді. Ауа ағынымен вирус бөлмелерге өте алыс — көрші бөлмелерге және дәліздер арқылы, тіпті көрші пәтерлерге де таралуы мүмкін. Вирус қоршаған ортада тұрақсыз, дейді Асима Бақытжанқызы.
Қызылшаның белгілері, өрбуі
Жасырын кезеңі 9-11 күн, 15-21 күнге созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Қызылшаға тән клиникалық көріністердің бірі ауыз қуысында ұртында ақ БФК дақтардың пайда болуы (Бельского-Филатов-Коплик) дақтары.
Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі
Бірінші күні бөртпе - бетте, мойында, екінші күні бөртпелер денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, Бөртпелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күннен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қабыршықтар қалады (ұнның ұрпағындай). Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.
Қызылша асқынса не болады?
Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.Қызылшаның асқынған түрлерінен науқастың көру қабілеті төмендеп ,соқырлыққа алып келуі мүмкін. Науқас ауырғаннан кейін қайта жұқтыруы мүмкін емес, бірақ сирек кездесуі мүмкін.
Фото pexels.com.
Аурудың алдын алу шаралары
Науқас адамды шектеу, уақытылы ауруханаға жатқызу, қарым қатынастағыларды анықтау, оларды медициналық бақылауға алу, сонымен қатар ең маңыздысы, Қызылша ауруын алдын алу болып уақытылы егу жұмыстарын жүргізу, үйде қызылшамен ауырған науқас болғанда қарым қатынасты шектеу.
2020 жылдың 24 қырықүйек айындағы ҚР Үкіметінің №612 қаулысы бойынша, егу күн тізбегінде 1 жасқа және 6 жасқа толған балаларды қызамыққа, қызылшаға қарсы егу жүргізіледі. 30 жасқа дейінгі барлық Қазақстан тұрғындары қызамыққа, қызылшаға қарсы вакцина алуға болады.
Жылда қараша –желтоқсан айларында келесі жылға егу кестесі бойынша қызамыққа, қызылшаға, мысқыл жұқпасына және егу арқылы басқарылатын жұқпалардың алдын алу мақсатында жоспар құрылады, сол жоспарға сай 1 жас пен 6 жастағы балалар екпе алады.
Ағымдағы 2023 - 2024жылы бүкіл әлемде, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл өңірлерінде қызылша жұқпасының өршуі байқалды, 2023жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2023жылғы 01 қарашада №7 қаулысы шығып қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілді, сол жүргізілген алдын алу шектеу шаралар барысында және де жаппай вакцианация жүргізілуімен аурушылдылық төмендетілді.
Фото pexels.com.
Осы қыруар атқарылып жатқан егу жұмыстарына қарамастан, Алматы қаласында да бүгінгі күні бірен-саран қызылша аурулары тіркелуде, ауру көзі болып жан жақтан келіп жатқан егуден қалыс қалып жатқандар (егілуден бас тартқандар, дер кезінде аймақтық емханаға тіркелмегендер).
Қызылша жұқпасының адам ағзасына келтіретін зардабы орасан, сондықтанда, қызылша жұқпасының белгілерін және де иммунизациялау маңыздылығын тұрғындарға жеткізіп отырмыз, деді Алматы қаласы Әуезов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Исембаева Асима Бақытжанқызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через