фото: https://kaz.nur.kz/
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы ретінде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті “Астана Арена” стадионында өтті.
“Stranger” концертіне әлемнің 80 елінен әншінің 10 мыңнан аса шетелдік жанкүйері келді. Оның ішінде концертке 13-14 қыркүйек күндері екі күн қатар қатысқан тыңдаушылар да бар. Соның бірі Саха Республикасынан келген Елена.
Якутияда 14-15 адамнан құралған Димаштың фан-клубы бар. Біз Димаштың соңынан еріп, әлем бойынша саяхаттаймыз. Оның бірде-бір концертін өткізбейміз. Біз кешегі концертке де қатыстық, бүгін де келдік. Димаш даусыз өз ісінің маманы. Димаштың мен қатысқан барлық концертінің ішінде осы концерті күткенімді ақтап қана қоймай, асып түсті, – дейді ол.
Димаштың 150-ден аса мемлекетте фан-топтары бар. Жанкүйерлер келген елдер қатарында Қазақстаннан басқа АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания, Польша, Беларусь, Ирландия, Чехия, Венгрия, Финляндия, Өзбекстан, Германия, Норвегия, Түркия, Тайвань, Жапония , БАӘ, Швеция, Канада, Мексика, Эстония, Швейцария, Болгария, Қырғызстан, Әзірбайжан, Румыния, Грузия, Нидерланды, Парагвай, Бельгия, Оңтүстік Африка, Люксембург, Греция, Португалия, Оңтүстік Корея, Украина, Дания, Израиль, Аргентина, Чили, Гонконг, Коста-Рика, Кипр, Австрия, Таиланд пен Малайзия сияқты елдер бар.
Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысты. Сахнада Димаш Құдайбергенмен бірге 350-ден астам адамнан тұратын халықаралық өнерпаздар тобы өнер көрсетті. Олардың ішінде Қазақстанмен қоса, Қытай, Ресей, Украина, Камерун, Гана, Уганда, Мексика, Испания және Кениядан келген бишілер, әншілер болды.
Концерт барысында жеті тілде ән шырқаған Димаш бейбітшілікке, бірлікке, Отанды сүюге, ата-ананы құрметтеуге шақырды. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетсе де, туған жерде концерт беру ерекше әсер сыйлайтынын айтты.
Жерлестерімнің алдында, мені осы күнге дейін жеткізіп, бағып-қағып өсірген ұлағатты ұстаздарымның алдында, ақ жаулықты аналарымыздың, қара көз қарындастарымыздың алдында, ағаларымыздың, аталарымыздың, әкелеріміздің алдында емтихан тапсырып тұрғандай сезімдемін, – деді әнші.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через