Денсаулық сақтау министрлігі оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек екенін айтты

Денсаулық сақтау министрлігі оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек екенін айтты
фото: https://yamal-media.ru

       Дәрігерлер балалардың ата-аналарына күнделікті дұрыс режим енгізуге кеңес берді

       Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық денсаулық сақтау орталығы мектеп оқушыларының ата-анасына оқу жылында балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ұсыныстарын айтты.

       Дәрігерлердің сөзінше, ата-ана балаларының жаңа тәртіпке бейімделіп, оқуға көңіл бөлуіне көмектесуі керек. 

       "Күні бойы қимылсыз бір орында отыру және гаджеттерді шамадан тыс пайдалану сынды дүниелер балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ көру қабілетінің нашарлауы мен ұйқының бұзылуына әкеледі. Көптеген мектеп оқушыларының созылмалы аурулары бар екенін есте ұстаған жөн. Ол артық салмақ, тіпті семіздік болуы мүмкін”, – министрлік өкілі.

       Дәрігерлер балалардың ата-аналарына күнделікті дұрыс режим енгізуге кеңес берді. Үй тапсырмасы кіші сыныптар үшін 1,5-2 сағаттан, жоғары сыныптар үшін 3-4 сағаттан аспауы керек. Сондай-ақ әр 40 минут сайын үзіліс жасалуы тиіс. Ұйқының жеткілікті болуы да маңызды: 7-10 жастағы балалар үшін 10-11 сағат, 11-14 жастағы балалар үшін 9-10 сағат және 15-17 жастағы жасөспірімдер үшін 8-9 сағат.

       "Зиянды тағамдарды рационнан шығарып, дәрумен ішуін қадағалаңыз. Мектеп оқушылары күніне төрт рет, ал бірінші сынып оқушылары мен спортшылар күніне бес рет тамақтануы керек. Семіздік пен басқа да аурулардың пайда болу қаупін арттыратын газдалған сусындар, фастфуд және жеңіл тағамдарды тұтынуды шектеу керек", – деді дәрігерлер.

       Оқушының жұмыс бөлмесін жарықпен қамтамасыз ету керек. Жиһаз баланың бойына сәйкес таңдалуы тиіс. 

       Дәрігерлердің сөзінше, дұрыс таңдалған жиһаз баланың денсаулығында мәселелер болмауына көмектеседі.  

       Мектеп формасы табиғи матадан жасалған, ыңғайлы және қауіпсіз болуы керек. Аяқ киімді де аяқта қан айналым дұрыс жүріп тұратындай таңдау керек. 

       Мектеп сөмкесі немесе рюкзактың салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 грамнан, жоғары сынып оқушылары үшін 1000 грамнан аспауы керек.

       "Гаджеттердің көру қабілетіне және зейін қоюға кері әсерін ескере отырып, смартфондар мен басқа құрылғыларды пайдалану уақытын қысқарту ұсынылады", – деді министрлік. 

       Санитарлық ережелерге сәйкес компьютерлік сабақтардың уақыты 5 минуттан аспауы керек:

мектепке дейінгі, мектепалды даярлық топтарында (сыныптарда) және 1-сыныпта – 15 минут;

2-3 сыныптарда – 20 минут;

4-8 сыныптарда – 25 минут;

9-11 (12) сыныптарда – 30 минут.

       "Аурулардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын және айналаның тазалығын сақтау қажет. 

       Балаларды антисептиктермен қамтамасыз етіңіз. Олар тек қолдарын ғана емес, жиі қолданатын заттарын – смартфондарды, портфельдің ұстайтын жерін де үнемі сүртуі керек", – деді дәрігерлер.

       https://kyn.kz/