Бүгінгі студент-ертеңгі маман

Бүгінгі студент-ертеңгі маман
фото: https://pixabay.com/ru/

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы мемлекеттің алдағы уақытта жетер жетістігі мен алар асулары осы жастарымыздың қолында. Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін жастардың зор мүмкіндіктеріне жол ашады.