фото: sports.kz
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы.
Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. Боксшы екі чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп жоспарланған еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через