фото: https://pixabay.com/ru/
Атырау қаласының тұрғыны Батуми қаласында әдепсіз қылық жасады. Қазақстандық турист әйгілі ботаникалық баққа барған кезде сирек кездесетін бамбук өсімдігіне зақым келтірген.
Турист әйел бақтағы өсімдіктің сабағына «өзін естелік ретінде қалдыруды» ойлап, ғашықтардың есімдерін ойып жазып кеткен. Бұл әрекет баққа келушілердің наразылығын тудырды.
«Мен ескерту жасадым, бірақ көріп отырғандарыңыздай, қыз еш алаңдамай, әрекетін жалғастырып жатыр», — деп жазды оқиғаның куәгері болған грузин тұрғыны әлеуметтік желіде.
Турист әйелдің бұл әрекетіне бақ әкімшілігі де реніш білдірді. Әкімшілік Батумидегі ботаникалық бақтың тек танымал туристік орын ғана емес, сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау орны екенін еске салды.
Керек дерек
Батумидегі ботаникалық бақ әлемдегі ең ірі бақтардың бірі болып табылады (ауданы 100 гектардан асады) және мұнда өсімдіктердің ерекше түрлерінің бірегей коллекциялары бар.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через