Астанада жасырын орталықта бір ауданға жететін электр энергиясын заңсыз пайдаланды

Астанада жасырын орталықта бір ауданға жететін электр энергиясын заңсыз пайдаланды
фото: https://pixabay.com/ru/

Майнингтік ферманы ашқандардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды

Астанада жасырын майнингтік фермада 140 миллионнан теңгеден астам криптоқаржы өндірілді. Ал оған кеткен электр энергияның көлемі бір ауданға жететін еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыскерлер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамыр айына дейін заңсыз майнингтік фермада ақша тауып жүрген. Оны қозғалтқыштарды өңдеу орталығы деп ашты. Бірақ шын мәнінде ішіне криптоқаржыны жасауға қажетті құрал-жабдықтарды жасырып қойды.

"Аталған кезеңде өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 млн теңгеден асқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді", - дейді агенттік мамандары.

Бұдан басқа, майнингтік ферманы ашқандардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды. Қазіргі қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.

ҚазАқпарат