Араб елдері Қазақстанға 7 млрд доллар инвестиция салмақ

Араб елдері Қазақстанға 7 млрд доллар инвестиция салмақ
фото: primeminister.kz

Болашақта қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Астанада Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры секілді ұйымдарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының отырысы өтті..

Кездесуге ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассер, Араб инвестициялық қорлары мен еліміздің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысқан.

Кездесуде Араб үйлестіру тобының Қазақстандағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруына қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесуде көлік, энергетика, су ресурстары, денсаулық сақтау салаларындағы жобалар таныстырылды.

Кездесу қортындысы бойынша Араб үйлестіру тобының Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді тікелей инвестициялардың сомасы бастапқы кезеңде 7 млрд долларды құрайтыны айтылған. Болашақта қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ислам даму банкі арасында келіссөздерге қол қойылды.

ҚазАқпарат