Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды

Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Аспаптар өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды

Алматыда автокөліктен бөлінетін қалдықтарды бақылайтын спектрометрлер іске қосылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Спектрометрлерді Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен "Sergek Group" компаниясы орнатты.

Спектрометр - бұл дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалай алатын көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы.

"Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағында тар учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды", - деп жазылған хабарламада.

EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде.

Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.

Бастама, қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі саналады.

ҚазАқпарат