фото: https://www.istockphoto.com/
Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
"Алматыда мопедтер, самокаттар, скутерлер кеңінен пайдаланылады. Бірақ, өкінішке орай көліктің бұл түрін жүргізген кезде жүргізушілердің көбі қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды немесе оларды елемейді. Осылайша, олар жолдарда апатты жағдайларды тудырады, бұл көбінесе қайғылы салдарға немесе адамдардың жарақат алуына әкеледі. Өткен күнгі осындай апаттардың бірі мопед тізгіндеген 19 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеліп соқты", – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов.
Спикердің айтуынша, биыл жыл басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапқан.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1,5 мыңнан астам мопед қойылған.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через