фото: jerdin_dostary желідегі парақшасынан
Неліктен сүйікті қаламыз ауасы нашар қалалар тізімінен түспей келеді?
Бұған мамандардың жауабы дайын. Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда ауа айналымы нашар, экологиялық қолайсыз жерде орналасқан дегенді жиі естиміз. Әсіресі желсіз күндері демалу қиын. Бұл қалада өкпе аурулары өршіген. Алматы экологиясын жақсарту - қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Алматы ауасын тез арада жақсарту үшін не істеуге болады?
Халықаралық тауа ауа күні қарсаңында елімізге танымал эколог Айжан Ысқақова «Сапалы Қазақстан» ақпарат-сараптама порталының тілшісіне бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынған еді.
Фото Айжан Ысқақованың жеке мұрағатынан
✅Алматыда ауа ластануының алдын алу үшін қандай тиімді қадамдар жасауға болады? Ең алдымен тұрақты түрде жан-жақты және сенімді ақпарат алу керек. Осыдан кейін нақты мәліметке сүйене отырып, Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйі және оның белгіленген нормативтерден асатын ластану деңгейі туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, талдауға, жариялауға және беруге уәкілетті Бірыңғай АБЖ (автоматтандырылған бақылау жүйелері) операторын құруға болады.
✅Ауаның ластануы рұқсат етілген шекті көрсеткіштерден асып кеткен жағдайда Алматы қаласының кәсіпорындары мен тұрғындары үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау керек. Бүгінгі күні ауадағы зиянды заттардың артық концентрациясы туралы мәлімдеме ғана бар, бұдан басқа ешқандай әрекет жасалып жатқан жоқ.
✅Алматы көшелеріндегі көлік қозғалысын шектеу бойынша іс-шаралар жоспарын тез арада қабылдау керек. Бүгінгі таңда қаланың әртүрлі аймақтарына ірі көліктердің, қаланың және елдің резидент еместеріне тиесілі автокөліктердің, ескі көліктердің кіруін шектеу арқылы көлік қозғалысын реттеу керек. Мұндайй тәртіп Еуропалық Одақтың көптеген қалаларында орнатылған. Бұл қалыпты, жалпы қабылданған тәжірибе саналады және бұл бұл тәжірибені қабылдаудың уақыты келді.
✅Алматы қаласында көлік қатынасын дамыту бойынша кез келген шараны күшейту керек. Ол үшін: Алматының барлық негізгі жолдарында қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақтарды ұйымдастыру, автобустар мен троллейбустар паркін тек экологиялық таза шешімдер арқылы ұлғайту және қоғамдық көліктердің ең аз шығынмен үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, веложолдар желісін дамыту және т.б. Бұл істі Алматы қаласының Қалалық ұтқырлық басқармасы мен Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп атқаруға болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через