Әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын Қазақстанның 10 ғалымы

Әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын Қазақстанның 10 ғалымы
фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта әлем зерттеушілері ең көп дәйексөз алатын қазақстандық ғалымдарды атады.

«Ғылыми белсенділікті бағалаудың ортақ халықаралық құралы - Web of Science негізіндегі InCites аналитикалық жүйесі, ол жекелеген ғылыми ұйымдардың да, елдердің де жарияланым белсенділігі мен ғылыми тиімділігін салыстырмалы талдауға мүмкіндік береді», - деп жазылған министрлік анықтамасында.

Сонымен, 2019-2023 жылдар аралығында Web of Science журналында ең көп жарияланған және Хирш индексінің жоғары көрсеткішіне қол жеткізген 10 ғалым:

Исахов Әлібек – жарияланым саны - 227/H-Index - 37

Здоровец Максим - 245/37

Бәкенов Жұмабай - 102/26

Козловский Артём - 150/23

Давлетов Қайрат - 47/23

Семенова Юлия - 59/17

Саппаров Арман - 26/15

Колесников Александр - 36/15

Сәрсенбекұлы Бауыржан - 33/15.

Ал Scopus халықаралық деректер базасынан соңғы бес жыл ішінде Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектеріне 305 837 сілтеме жасалғанын көруге болады.

Scopus базасының h-index-і бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 10 қазақстандық ғалым:

ғалымдар

Фото: Kazinform