Алашұлы тобының «Ұлы Алаш» спектакль-концерті

Алашұлы тобының «Ұлы Алаш» спектакль-концерті
фото: Алашұлы тобының желідегі парақшасынан

Спетакль-концерт 15 қыркүйекте Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді. Басталуы сағат 19.00.

Алашұлы тобының 15-жылдығына арналған «Ұлы Алаш» спектакль-концертіне барған көпшілік тарихқа саяхат жасап, тыңдаушының рухын көтеретін, жігерлендіретін  асқақ әндерді тыңдап, ұмытылмас  сезімге  бөленіп қайтатынына сеніміміз мол.

 Кеште "Алаштың" ұлдарымен қатар әлемнің үздік каскадерлері өнер көрсетеді.

Фото "Алашұлы" тобының әлеуметтік желідегі парақшасынан 

Қосымша ақпарат

"Алашұлы" - 2009 жылы негізі қаланып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген этно топ. "Алашұлы" тобы осыған дейін "Дала даусы" радиофестивалінде "Үздік этно топ", "Саз әлемі" телевизиялық жобасында "Үздік топ" номинацияларының иегерлері, "Turkvision" халықаралық түркітілдес халықтар фестивалінің финалисті, "Астана жұлдызы. Ұлттық музыкалық бәйге" үздігі, "Ұлы дала даусы" фестивалінің финалистері, " Этно World Music Show" фестиваліне Қазақстан атынан қатысты және жыл сайынғы "Жыл таңдауы" номинациясының жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, 2011-2016 жылдар аралығында Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Башқұрстан, Республикаларына қазақ өнерін танытып келсе, Туркия және Индия республикасында жеке шығармашылық кештерін берген.

Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақ өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар орындалмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту.

Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды.