фото: Досбол Атажан / Kazinform
Еліміздің оңтүстік астанасында үшінші рет Almaty Food Fest 2024 гастро-фестивалі ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова айтты.
- Гастрономиялық фестиваль 24-25 тамыз күндері Абай алаңында өтеді. Іс-шара барысында мәдени-аспаздық байқаулар, ұтыс ойындары болады, танымал эстарада жұлдыздары өнер көрсетеді. Фестивальге Қытай, Иран, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларус, Ресей және Қазақстанның аспаздары қатысады. Іс-шара мақсаты - Алматыны әлемдік жетекші гастрономиялық орталықтардың бірі ретінде таныту. Әр халықтың асханасы - оның жаны, тарихы және дәстүрі. Бүгінгі турист басқа елдің мәдениетімен сол елдің тағамдары арқылы танысады, - деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ Ғалия Тоқсейітова фестиваль кезінде Алматының бірқатар мейрамханаларында алма қосылған арнайы мәзір ұсынылатынын атап өтті.
Ал Мишлен жұлдызының иегері, француз аспазы Жером Кустийас Алматыдағы аспаздық өнер туралы пікір білдірді.
- Менің азпаздықпен айналысқаныма 40 жыл болды. Өз тәжірибеммен осы іс-шара аясында сіздермен бөлісе аламын деп үміттенемін. Алматыға алғаш рет 12 жыл бұрын келгенмін. Сол уақыттан бері қала да, мұндағы аспаздық өнер де айтарлықтай өзгерген. Шаһардың әлеуеті өте үлкен. Менің жеке пікірімше, Алматыда кемінде 3 мейрамхана Мишлен жұлдызын ала алады, - деді Жером Кустийас.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через