Үздіктер тізіміне 108 ел мен аймақтан 1907 университет енгізілген

Үздіктер тізіміне 108 ел мен аймақтан 1907 университет енгізілген
фото: https://ru.wikipedia.org/wiki

Әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне Қазақстанның 4 жоғарғы оқу орны ғана енді.

2023-2024 оқу жылында Қазақстанда 112 жоғары оқу орны, оның ішінде 77 университет, 14 академия, 10 институт, консерваториялар мен жоғары мектептер, 8 ұлттық жоғары оқу орны және 3 ұлттық зерттеу университеті бар.

Биыл Times Higher Education, World University Rankings - 2024 әлемдік беделді университеттердің рейтингіне Қазақстанның 4 университеті ғана кірді. Тізімге 108 ел мен аймақтан 1907 университет енгізілген.

Үздік деп бағаланған төрт оқу орнының біреуі ғана ең жоғары орынға ие болды, ол - Nazarbayev University (NU). Үздік жоғары оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.

ҚазАқпарат