фото: https://pixabay.com/ru/
Көлік министрлігінің авиация әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқыш әкімшілік жауапқа тартылды.
Бүгінде еліміздің авиация әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жоспардан тыс тексеріп жатыр.
Тексеру қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің келесі талаптары бұзылған:
— командир әуе куәлігінсіз ұшқан (4 факті тіркелді) және ол туралы әуе қозғалысы қызмет көрсету органына хабарламаған;
— ұшу құжаттамасының болмауы;
— әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген.
Ведомство таратқан ақпаратта, әуе компанияларына қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. Тамыз айында 6 әуе қызметі тексерістен өтеді, ал шілдеде 10 әуе компаниясын іріктеп тексеру жүрді.
«Қазақстанның авиация әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Air Astana компаниясы 5 тамыз күні Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының бірінен ақау шығып, салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады. Әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбаудың салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданғаны белгілі болды.
Кейін соңғы уақытта әуе кемелеріне келтірілген залал оқиғаларының жиі болуына байланысты елордалық әуежайда жоспардан тыс тексеру жүретіні хабарланды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через