фото: kaz.inform.kz/Сали Сабиров
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бүгін жалпы медальдар кестесінде 3 саты төмен сырғып, 15-ші орынға жайғасты, деп жазды kaz.inform.kz.
Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Ал, жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көш басына шықты. Олар 6 алтын жүлдесін 8-ге жеткізіп, бірден медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді. Әзірге олар 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль еншілеп тұр.
Екінші орынға 7 алтын, 4 күміс, 3 қола иеленген Аустралия көтерілді. Үздік үштікее Жапония құрамасы жайғасқан. Олардың еншісінде 7 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар.
Ал, Олимпиада ойындарының қабылдап жатқан франциялықтар 6 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен 4-орында келе жатыр.
Бүгін Париж Олимпиадасында 6 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медальға қол жеткізген елдер саны 40-қа жетті.
Айта кетейік, қазір санаулы уақыттардан кейін бокстан әйелдер арасында 75 келі салмақта Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через