фото: pixabay.com
2029 жылға дейін Қазақстан экономикасы бес бірізді қағидат бойынша дамиды. Мемлекет басшысы Ұлттық даму жоспарын бекітті. Бұл туралы "Сапал Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқысы жаһандық бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру. Кәсіпкерлікті қорғау және дамытуға да ерекше басымдық берілмек. Үшінші кезекте сапалы білім беру мәселесі тұр. Одан соң инновациялық белсенділікті дамыту. Соңғысы өңірлердің дербес дамуына жағдай жасау.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті - 2014 жылдан бастап ұлттық экономиканың орташа жылдық өсу қарқыны баяулады және бүгінде 5%-дан аз. Бұл жойылып бара жатқан негізгі қорларды дамыту әрі орнын толтыру үшін жеткіліксіз. Бұл ретте, 2022 жылы ЖІӨ-нің 15%-дан астамы және Қазақстан экспортының 70%-ы минералдық шикізатпен байланысты салаларға тиесілі болды. Сонымен бірге қазба отындарына әлемдік сұраныстың шарықтау шегі жақындаған сайын және ресурстық базаның сарқылуымен экономикадағы құрылымдық өзгерістердің, сондай-ақ мемлекеттік қаржы саласында теңгерімді саясат жүргізудің қажеттілігі артады.
Әлемдегі шектеу шараларының күшеюі аясында басталған жаһандық тізбектер мен сауда-экономикалық байланыстарды қайта құру үрдісі дүниежүзі бойынша экономиканың өсу әлеуетінің төмендеуіне әкеліп соқты.
Барлық елді инфляция дендеп, инвестиция үшін жоғары бәсекелестік басталды. Ұлттық жоспарда осындай тәуекелдердің барлығы ескеріліп, экономиканы жан-жақты дамыту жоспары толық жазылған. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через