фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта пластикалық отадан кейін түсетін шағымның басым бөлігі маммопластика саласына тиесілі екенін мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.
«Косметология бағытында медициналық лицензиясы бар 1102 клиника жұмыс істейді. Оның ішінде 238-і пластикалық хирургия, 864-і дерматокосметология бағытында.
2019 жылдан бастап 2024 жылдың 1 тоқсанына дейін республика бойынша 34 медициналық (барлық жекеменшік) медициналық ұйымға және 5 медициналық емес ұйымға (сұлулық салондары) сапасыз пластикалық ота жасалғаны үшін 39 өтініш (өлім жағдайларынсыз) келіп түскен.
Оның 27-сі қаралып, тексеру жүргізілді. Бұл өтініштердің 18-і (67%) негізделген және ішінара негізделген», - деп жазады министрлік мамандары.
Осы шағымдардың негізінде жалпы сомасы 1 млн теңгеден сәл асатын айыппұлдар тағайындалған.
«39 өтініштің ішінен келесі қызметтерден кейінгі асқынуларға шағымдар түсті: маммопластика – 12, липосакция – 8, блефаропластика – 7, ерін пластикасы – 7, ринопластика – 3, бетке липофиллинг – 1, отопластика – 1. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 1 009 125 теңгеге 8 әкімшілік хаттамасы толтырылды», - делінген жауапта.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через