фото: pixabay.com
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық 2 боксшы ширек финалда жұдырықтасады, деп жазды kaz.inform.kz.
Олар — ерлер арасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Айбек Оралбай. Сонымен қатар әйелдер арасында Назым Қызайбай 1/8 финалда өз бағын сынайды.
Ширек финалда Базарбайұлы грузиялық Лаша Гурулимен қолғап түйістірсе, Айбек Оралбай әзербайжандық Лорен Берто Альфонсо Домингеспен шаршы алаңға шығады.
Әзірге Қазақстан құрамасынан ширек финалға 4 боксшы шықса, Өзбекстаннан — 7 боксшы, Испаниядан — 4, Куба мен Франциядан — 3, АҚШ, Доминикано, Бразилия, Әзербайжан, Болгария, Австралия — 2, Жапония, Таиланд, Грузия, Канада, Украина, Филиппин, Замбия, Кабо Верде, Қырғызстан, Мажарстан, Дания, Иордания, Ұлыбритания, Индия, Мексика, Хорватия, Бельгия, Ирландия, Тәжікстан, Италия, Германия, Эквадор, Армениядан бір-бір боксшыдан ширек финалға шыққан.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсіп жатыр.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.
Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы әзірге 16-орында келеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через