Финляндияның білім беру жүйесі Еуропада үздік болып танылған

Финляндияның білім беру жүйесі Еуропада үздік болып танылған
фото: myfinlandia.ru

       Сингапурде балалар 3 жасынан бастап мектепке барады. 

       Ана тілінен, ағылшын тілінен және математикадан дәріс алады. Бұл мемлекеттік заңмен бектіліген талап. Бастауыш сыныптан, орта сыныпқа өту үшін оқушылар мемлекеттік емтихан тапсыруы тиіс. Одан сүрінгендері бастауыш сыныпты қайта оқиды. Тағы бір қызық жайт, егер сыныпта 20 оқушының біреуі тапсырманы дұрыс орындамаса, ешкім келесі тақырыпқа көшпейді. Яғни, балалардың бәрі сабақты толық меңгермейінше, бір тақырып қайталанып оқытыла береді. Сондықтан болар, оқушылардың білім деңгейін саралайтын PISA халықаралық ұйымы «Сингапурдегі білім беру жүйесі XXI ғасырдағы ең тиімді әрі ең сапалы»,- деп таныды. 79 елдің білімі сараланған сараптама бойынша Сингапурмен бірге үздіктер қатарында Қытай, Жапония елдері бар. 

       Оңтүстік Кореяда бірінші сыныпқа 8 жаста барады

       Оңтүстік Кореяның оқушылары да әлем бойынша үздіктер қатарында. Бұл елде балалар мектеп табалдырығын 8 жасында аттайды. Бірақ алдымен қабылдау емтиханынан өтуі керек. Оны үздік тапсырғандар білім ошағын өз қалауы бойынша таңдайды. Қалғандары арнайы мектептерге бөлінеді. Сондықтан ата-аналар баласын озық мектепке беру үшін 5-6 жастан бастап белсенді айналысады. 

       Еуропада оқыту жүйесі ең озық ел - Финляндия 

       Өз кезегінде кәрі құрлық елдері арасында оқыту жүйесі ең озық ел Финляндия саналады. Таңқаларлығы сол, бұл мемлекетте жекеменшік мектеп жоқ. Және олардың бәрі оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Сонымен қатар, финляндияда балалар мекепте небәрі 9 жыл ғана білім алады. Оның алғашқы 6 жылында оқушыларды бір мұғалім ғана оқытады. Жетінші сыныптан бастап әр пән бойынша жеке оқытушы сабақ береді. Жалпы, скандинав елінде түлектердің қорытынды емтихан тапсыруға міндетті емес. Диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен өтеді. 

       Әлемде 244 млн бала мектепке бармайды 

       Жалпы әлем елдері оқытудың озық үлгісіне барынша ден қойып жатқанымен, сауаты жоқ азаматтардың саны әлі де көп болып тұр. ЮНЕСКО өкілдерінің айтуынша, бүгінде жер жүзі бойынша 244 миллион бала мектепке бармайды Оған бірқатар мемлекетте мектеп жетіспеушілігі мен ғимараттың талапқа сай жабдықталмауы себеп. Қарулы қақтығыстан көз ашпай келе жатқан Африка мен Азия елдері былай тұрсын, дамыған Еуропаның өзінде бұл мәселе өте өзекті. Мәселен, Бельгияда білім беру мекемелерінде орын тапшы. Сала мамандарының айтуынша, мұндай жағдайға демографиялық өсім әсер еткен.

       https://24.kz/kz/