фото: pixabay.com
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында елімізде тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді, деп жазды qazaqstan.tv.
Бұл шараға Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы мен Ресейден 20-ға жуық команда қатысады.
Шабандоздар 500 шақырымды еңсеруі тиіс.
Марафон-бәйге 5 мың жыл бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде басталады.
3-7 қыркүйек аралығында өтетін ауқымды спорттық шарада әлемдегі үздік жылқы тұқымы анықталмақ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через