фото: pixabay.com
Жасанды интеллект қазірдің өзінде көптеген салаларда шындыққа айналды және алдағы уақытта стоматология саласына да дендеп енуі мүмкін, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталының тілшісі.
Жақында адамзат тарихында алғаш рет жасанды интеллектпен жабдықталған автономды Робот толық стоматологиялық процедураны орындады.
АҚШ-тың Бостон қаласында жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет науқасты емдеді.
Жасанды интеллект тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.
Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек, бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.
Фото newstracker.ru.
Жаңа жүйенің көптеген артықшылығы бар:
Жылдамдық: Робот тапсырманы адамға қарағанда шамамен сегіз есе жылдам орындайды.
Дәлдік: 3D сканерлеу және операцияны жоспарлау қателік қаупін азайтады.
Жайлылық: науқастар аузын ұзақ уақыт бойы ашып жатрпайды, бұл науқасты шаршатпайды және оған ыңғайсыздық тудырмайды.
Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін нақты жасай алады екен.
Сынақ барысында робот жеке қызмет атқаруға қабілетті екенін көрсетті. Осыған қарамастан, технология әлі де FDA-мен мақұлданбаған, сондықтан Perceptive оны медициналық тәжірибеге енгізу мерзімін әлі атай алмайды. Бұл инновация пациенттерге қол жетімді болғанға дейін талай уақыт қажет болуы мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через