фото: pixabay.com
Бүгінде Бангладеште жастарды жұмыспен қамтуда күрделі мәселе айналған. 18 миллионға жуық адам белсенді түрде жұмыс іздеуге кірісті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Сарапшының айтуынша, Бангладеште мемлекет меншігіндегі немесе субсидияланатын 47 университет, сонымен қатар 105 жеке университет және 2 халықаралық университет бар. Елдегі студент саны – 2,8 миллионға жуық. Бангладеш Ұлттық университетінде оқу ақысы жылына небәрі 9 доллар. Алайда шетелдіктер үшін бұл шамамен 1 мың доллар тұрады.
«Жалпы, Бангладеште 18 миллионға жуық адам жұмыс іздеп жүр. Жастардың 40 пайызға жуығы жұмыссыз. Бірақ студенттер үшін жұмыссыздықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Қалыпты жағдайда, жоғары білім мықты кадрларды іріктеуде әлеуметтік саты болып саналады. Бірақ елдегі жүз елу жоғары оқу орнында 2,8 миллион студент оқыса, олардың барлығына лайықты жұмыс орны болмауы мүмкін. Оның үстіне мемлекетке жұмыс істейтіндердің 30 пайызы жекелеген әлеуметтік топ өкілдері үшін сақталған болса», - дейді халықаралық бақылаушы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через