АЭС салудың маңызы неде?

АЭС салудың маңызы неде?
фото: https:/Faqmeshit-zhastary.kz

       Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова жалпы талқылауда АЭС салудың қажеттілігі мен маңызы жайлы түсіндірді.

Оның сөзінше, АЭС - ол ең алдымен электр энергиясы қуатын өндіретін станция.

Қазіргі таңда Қазақстанда өндірілетін барлық энергияның 70%-ы көмірмен жұмыс істейтін станциялардан өндіріледі. Осы станциялардың тозу деңгейі өте жоғары. Алдағы 10 жылда кейбір станцияларды тоқтатуға тура келеді, - деді ол.

Сарапшы атағандай, елімізде энергия тұтыну көлемі жыл сайын өсіп келеді.

2035 жылға қарай арнайы жоспар әзірленді. Ол жоспар бойынша 10 жылда 26 мың қуаттылығы бар станциялар іске қосылады. Елімізде жаңартылған энергия көздерін өндіру дамып келеді. Күн, жел электр станциялары жаңадан салынады. Су станциялары да қарастырылған. Қолданыстағы станцияларды жаңартылып жатыр. Әлемдегі экологияға байланысты саясатқа қатысты көмірмен жұмыс істейтін станцияларға қаржы тарту қиындап отыр. Сондықтан референдумның нәтижесі болған жағдайда екі реакторлы бір атом электр станциясы салынады, - деп түсіндірді ол.

Мұрсалова айтқандай, атом электр станциясы жасыл экономикаға жатады.

Айта кетейік, елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылап жатыр.

Бұған дейін дәл осындай жария талқылаулар Алматы қаласында өткен еді. 

Шара барысында "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ Бас директоры Тимур Жантикин АЭС салуға төрт жоба іріктелгенін алға тартты.

Бұдан бөлек Ядролық физика институтында АЭС бойынша 1800 маман дайындалатыны белгілі болды.

Сонымен қатар кездесуге келген электромобильді көліктердің тасымалдаушылары халық болашақта электр көзінен тарыға бастайтынын айтты.

https://baq.kz/