60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген
фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Олар бір емес, бірнеше жылдар бойы оқушыларға сабақ беріп келген, деп жазды kaz.inform.kz. 

Жалған құжат жасатып, айлық алған 60 мұғалімнің барлығы жұмыстан қуылды. Облыстың білім басқармасы жалған ұстаздарды жұмыстан қуып шектелмеді. Сотқа берді. Осылайша айлыққа төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтарып алмақ. 

Ал Маңғыстау өңірінде 60 мұғалімнің жалған құжатпен жұмыс істеп жатқанын облыстың білім басқармасы тексеру кезінде анықтаған. Әрі білім ордасына хат жолдап, дипломдарды тексерген.