фото: pixabay.com
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында психотроптық заттарды заңсыз иемденіп, сақтаған жас жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды.
Алматы сотының мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың қазан айында П. тұрақты табыс көзі болмағандықтан, жеңіл түрде пайда табу үшін Телеграм канал арқылы 12,04 грамм мөлшерінде психотроптық заттарды заңсыз иемденген. Кейін оны өзінің автокөлігінде сақтаған. Сол күні полиция қызметкерлері П.-ның автокөлігін тоқтатып, тінту барысында 25 дана психотроптық заттар тәркіленген.
Сот процессі кезінде сотталушы өз кінәсін мойындамады. Прокурор сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
- Алқабилердің қатысуымен шығарылған соттың үкіміне сәйкес, П.-ның адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденгендігі және сақтағаны дәлелденді. Жеңілдететін мән-жай ретінде оның жасы (19 жас) танылды. Сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады сот баспасөз қызметі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через