ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде білім алмақ

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде білім алмақ
фото: https://alash.kz

Ерасыл Уәлиев Алматыдағы орта мектептердің бірін бітірген. Бұл туралы Грант бойынша эксперт Омарбек Көшкімбайұлы мәлім етті.

Мектеп бітіруші түлектердің грантқа түсуіне жол көрсетуші маман Ерасылмен кездесіп, оған өмірде қажет ақыл-кеңестерін айтқан.

Ал ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде оқитын ниеті бар екенін айтты.

"Ерасыл шетелге барайын деп жатыр. Ерасыл, айналайын, саған сәттілік тілеймін. Қайда жүрсең де, аман бол. Ең бастысы, біздің осы қазақтың тәрбиесін, құндылығын ұмытпа. Бұйырса, төрт-бес жылдан кейін жақсы маман болып, еліңе қайтып келуіңе тілектеспін", - деді Омарбек Көшкімбайұлы.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.

ҚазАқпарат