Су тасқыны: Ақтөбе облысында 35 отбасы баспаналы болды

Су тасқыны: Ақтөбе облысында 35 отбасы баспаналы болды
фото: https://pixabay.com/ru/

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сондай-ақ, тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді", — делінген хабарламада.

Нұра ауылының зейнеткер тұрғындары Нұрабек Бекназаров және Қымбат Баймұратова аудан орталығынан баспаналы болды.

Баспана "Юнис сити" мен Есет батыр тұрғын үй алабынан берілген болатын.

Темір Заровтың отбасы — су тасқынынан жапа шеккендердің бірі.

"Нефтяник" бау-бақша ұжымындағы үйі комиссия шешімімен тұруға жарамсыз деп танылған. Қиын-қыстау уақытта олар отбасымен бірге эвакуациялық бекеттерді уақытша паналады."Барлығымыз мектепте жаттық. Одан кейін Опытнайдағы колледждің жатақханасында тұрдық. Ондағы әрбір отбасыға көмек берілді. Көп-көп рахмет. Баспаналы болдық. Көмектескен жандарға алғыс айтамын", — деді отағасы Темір Заров.

Жаңа қоныс 66 шаршы метрді құрайды. Екі бөлмелі пәтер жарық әрі кең. Барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Отбасының жаңа пәтерге қоныстанғанына екі аптадай болған, ал балалары болса, жаңа үйде асыр салып, мәз-мейрам болып, ойнап жүр. Тасқын кезінде баспанасын суалған сәтті еске алып, отбасының көңілі босап, көзіне жас та алды.

"Суға кеткен кездегі үрей қиын болды. Көз алдымызға елестетсек қиын. Бір-екі күн суда тұрып, үшінші күніқұлап қалды. Енді міне, Аллаға шүкір дейміз, жаңа қонысқа көштік. Алғысымыз шексіз. Тез арада бола қояды деп ойлаған жоқпыз", — дейді Гүлжан Төлеуова.

Баспанасы суға кеткендердің көбі — арнайы санаттағы отбасылар. Берілген су жаңа пәтер заңды түрде үй иесінің атына жазылады, яғни, пәтерді алған тұрғын иесі кез-келген уақытта сата алады немесе кепілге қоя алады.

ҚазАқпарат