Қазақстандық теннисші Уимблдонда әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, сенсация жасады

Қазақстандық теннисші Уимблдонда әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, сенсация жасады
фото: Фото: liveresult

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева WTA рейтингінде бірінші тұрған Ига Швентекті жарыс жолынан шығарды.

1 сағат 58 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетте Юлия қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Екінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші сетті сәтті бастап, 4:0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде соңғы сетті 6:2 есебімен аяқтады. Осылайша Ұлыбританиядағы жарыста суперсенсация жасады.

1/8 финалда Юлия латвиялық Елена Остапенкомен (13) кездеседі.

ҚазАқпарат