фото: https://atr.kz/
Еркін күрестен Азия чемпионатының жеңімпазы Талғат Сырбаз допингпен ұсталып, спорттан шеттетілді.
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының шебері Талғат Сырбаз допинг дауына ілігіп, спорттан үш жылға шеттетілді. 2021 жылғы Азия чемпионының допинг сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған. Негізі 74 келіде белдесетін балуан Түркиядағы соңғы лицензиялық турнирге қатысуы керек болған. Алайда оның Қазақстан чемпионатынан кейінгі тапсырған сынамасынан допинг табылған. Енді ол 2027 жылдың сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, Талғат Сырбаз Атырау облысының атынан сынға түсетін балуан. Ол соңғы рет Азия чемпионатында өнер көрсетіп, қола жүлде үшін белдесуде ұтылып қалған еді.
https://stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через