Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болды

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болды
фото: https://pixabay.com/ru/

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.

Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтті.

23 сәуір Ұлттық кітап күні аталып өтеді.

Бұл жаңа мерекелік дата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

ҚазАқпарат