фото: pixabay.com
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында ең көп атлет қатысатын спорт түрі белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, Париж Олимпиадасында ең көп спортшы жеңіл атлетикадан сынға түссе, брейкингтен бар-жоғы 32 спортшы бақ сынайды, деп жазды kaz.inform.kz.
Айта кетейік, қазіргі Қазақстан құрамасы аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Ал жалпы Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің екі жүзге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.
Енді қай спорт түрінен нақтылы қанша спортшы бақсынайтынын естеріңізге сала кетсек.
Жеңіл атлетика — 1 810 спортшы
Жүзу — 1 370
Велоспорт — 514
Футбол — 504
Академиялық есу — 502
Шөптегі хоккей — 384
Волейбол — 384
Дзюдо — 372
Баскетбол — 352
Нысана көздеу — 340
Гандбол — 336
Желкенді спорт — 330
Байдарка және каноэде есу — 318
Гимнастика — 318
Регби — 288
Күрес түрлері — 288
Бокс — 248
Семсерлесу— 212
Ат спорты — 200
Бадминтон — 172
Үстел теннисі — 172
Үлкен теннис — 172
Садақ ату — 128
Таеквондо — 128
Гольф — 120
Ауыр атлетика — 120
Триатлон — 110
Скейтбординг — 88
Қазіргі бессайыс — 72
Жартасқа өрмелеу — 68
Серфинг — 48
Брейкинг — 32
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через