фото: https://pixabay.com/ru/
Кеңседе, компьютердің алдында отырсыз. Есеп-қисап, жазу-сызу бітер емес. Арасында жаттығу жасайын дейсіз де, сол күйі ұмытып кетесіз. Айкуне Алматы омыртқаны емдеу орталығы маманының сөзінше, 8 сағат емес, тіпті 2 сағат отырып жұмыс істеу омыртқаға айтарлықтай зиян. Бір орында тапжылмай жұмыс істеудің көп адам ескермейтін бұдан өзге де кері тұсы бар.
Кеңседегі адам отырғанда сұрақ белгісі сияқты иіліп кететіндіктен омыртқаға үлкен жүк болып, оны стреске түсіреді екен. Адам компьютермен жұмыс істегенде, қағаздар толтырғанда және кітап оқығанда алға қарай иіледі. Осының салдарынан мойын аймағындағы бұлшықет пен иық белдеуі түйіледі (қысылады), белдің тонусы төмендейді де осы жердегі бұлшықет жұмысын тоқтатады.
«Мұндай проблема болмауы үшін кеңсе қызметкерлеріне әрдайым жамбастың үстінде, түзу, белді алға қарай иіп отыруды ұсынамыз. Мұндай тәсіл денені тік ұстауға, бел бұлшықетінің жұмыс істеуіне әрі жамбастың қисаймауына көмектеседі», — дейді мамандар.
Олар омыртқа қисаймауы үшін ең кемі жылына 2 рет массажға баруға кеңес береді. Массаж ауруды болдырмау үшін қажет. Сонымен қатар кеңсе қызметкерлеріне және тағы басқа бір орында отырып жұмыс істейтіндерге спортпен айналысуға кеңес беріледі.
«Кеңсе жұмысшыларына спорттың кез келген түрі пайдалы. Әсіресе, йога, пилатес, стретчинг, цигун және айкунемен айналысуға кеңес береміз. Арқа әрдайым қозғалыста болып, бұлшықет үнемі жұмыс істеуі керек», — дейді дәрігерлер.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через