фото: azertag.az/
Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль футболдан Еуропа чемпионатыың ең үздік жас ойыншысы атанды.
Испаниялық футболшы құрлықтық додада 13 шілдеде 17 жасқа толды. Осылайша аталған турнирдің тарихында чемпион атанған ең жас ойыншы атанды6 деп жазды kaz.inform.kz.
Сондай-ақ ол Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атағына лайық деп танылды.
Ламин Ямаль турнир барысында жеті ойынның барлығына қатысты. Бір мәрте гол соқса, төрт мәрте нәтижелі пас берді.
Финалдық ойында әріптесі Нико Уильямстің гол соғуына мүмкіндік жасады.
Фото championat.com.
Айта кетсек, Испания құрамасы 14 шілдеде финалда Англияны 2:1 есебімен сүріндірді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через