Иісі тым жағымсыз жеміс

Иісі тым жағымсыз жеміс
фото: pixabay.com

Әлемде ерекше пішінді әрі өзгеше кескінді жеміс-жидек көп кездеседі. Олардың кейбірі тікенекті болса да, іші тәтті болады. 

Осы ретте бізге таңсық емес пішіні мен дәмі өзгеше, түсі мен исі арқылы дараланып тұратын бірқатар экзотикалық жемістің тізімін ұсынамыз, деп хабарлайды almaty.tv.  

Рамбутан

Бұл "өзге ғаламшарлық" жеміс әлемдегі барша тропик елдерде кездеседі. Малай тілінде "шашты" деген мағына беретін жеміс қызыл түске енгенде және сыртын түк қаптағанда жеуге жарамды болады. Ортасынан екіге бөлініп, ішіндегі ақ жемісі желінеді.  Дәнегі және қабығы жеуге жарамсыз.

Дуриан

Жемістердің "падишасы" саналатын дуриан әлемдегі ең жағымсыз иісті жеміс. Салмағы 3 килограммға жетеді, сырты өте қатты. Иісіне шыдай алсаңыз өте дәмді әрі пайдалы жемістің дәмін көре аласыз.

Тақыр қауын

Қауынды немесе қиярды еске түсіретін бұл жемісті пісіп-жетілмеген сәтінде теріп алады. Сол күйінде немесе пісіріп жеуге болады. Майонез қосылған салаттарға ерекше дәм береді.

Aкеби

Дәмі кермек болғанымен, жеміс түріне жатады. Тұздауға да болады. Дәнін айыру қиын болатындықтан, етімен бірге желінеді. Жапонияда ғана өсірілсе де, бұл елдің өзінде қолға түсе бермейді екен.  

Будда қолы

Сары түсті бұл цитрусты жеміс Азияның көптеген елінде кездеседі. Иісі өте жағымды. Қабығын торт дайындауға пайдаланады, негізгі жемісін болса салаттарға пайдаланады.  

Maнгостин

Теннис добынан сәл ғана кіші бұл жемістің сыртқы қабығы өте қалың. Ақ түстегі жемісінен тоспа дайындауға болады. Мәліметтер бойынша бұл жеміс ханшайым Викторияның сүйікті жемісі болған екен.  

Салак

Дәмі кермек, Малайзия ормандарын мекен ететін маймылдардың сүйікті жемісі.  Жеміс өте қымбат, құрамында 13.5% алкаголь бар.

Kaктус жемісі

Нопал кактусы деп аталатын өсімдік жемісінің сырты тікенекпен қапталған. Өте керемет дәмі бар. C дәруменіне болған қажеттіліктің 13% ын қаптайды. Мексика аспаздары жұмыртқа және етке қосып керемет тағамдар дайындайды.

Питая

Дәмі киви және шабдалыға ұқсайтын бұл жеміс айтарлықтай тәтті емес, есесіне антиоксиданттарға өте бай.  Екіге бөліп, маңызын дәнімен бірге жеуге болады.