фото: https://pixabay.com/ru/
Қазақстанда делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендеуі мүмкін. Енді бірыңғай дистрибьютор өндірушілермен тікелей шарттар жасасады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік пациенттердің, мемлекеттің және өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, дәрі-дәрмекке баға белгілеу тетігін қайта қарайды.
Ведомство атап өткендей, дәрілердің сапасын бағалау мен іріктеуде қауіпке бағдарланған тәсіл бойынша және фармацевтикалық өнімді әкелу тәртібінде өзгерістер енгізілуде.
Одан бөлек сатып алу тиімділігін арттыру үшін Бірыңғай дистрибьютор жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын ақпараттық жүйені енгізді. Бұл есептен шығарылған препараттардың санын азайтады.
Бірыңғай дистрибьютордың қызметі өндірушілермен тікелей шарттар жасасуға бағытталады. Бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жоғарғы аудиторлық палатасының тексерісінен кейін денсаулық сақтау министрлігіне бағынышты ұйымдардың басшылары қызметінен кетті.
"Ішкі тергеу жүйелі кемшіліктер мен тиісті бақылаудың жоқтығын анықтады, нәтижесінде министрліктің жауапты бөлімшелері мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының негізгі басшылары қызметінен босатылды", - делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, жоғарғы аудиторлық палатаның денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына жүргізген аудиті барысында бірқатар заңбұзушылық анықталған еді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через