БЛИЦ ШЫҰ саммиті. Жұрт не дейді? БЛИЦ

БЛИЦ ШЫҰ саммиті. Жұрт не дейді? БЛИЦ
фото: https://24.kz/kz

       Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жайлы елорда тұрғындары не деп жатыр екен? Жұрттың пікірін тыңдасақ. 

       - Әр елдің басшылары келіп жатыр ғой. Сол енді әртүрлі құжаттарға елдің экономикасын дамытатындай бір әсер етсе соған әрине қуанамыз. Әлем көз тігіп отырғандықтан үлкен маңызды әлемдік шешімдерді қабылдайды деп ойлаймыз. 

       - Қаншама мемлекеттің президенттері келді. Бұл біздің имиджімізді көрсетеді деген ойдамын. Бейбітшілік сақталсын, ел арасы тыныш болсын. 

       - Біздің мемлекетіміздің экономикалық жағынан инвестиция тартуға, халықтың әлеуметтік жағдайының өсуіне көмектеседі деп ойлаймын. Саммитті өткізу керек. Себебі бұл әлемдік формат, біз БҰҰ-ға мүшеміз ғой. Әлемдік саммитті өткізіп, мемлекетті әлемдік аренаға шығаруымыз керек. 

       - 16 елдің басшылары келіп, бас қосып жатыр. Қазақстанның пайдасына шешіліп, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Экономикалық, экологиялық мақсаттағы жақсы шешімдер қабылданады деген үміттемін.

       https://24.kz/kz/