фото: https://www.istockphoto.com/
Кез-келген көкөністерді, жеміс-жидектерді пісу маусымына сәйкес сатып алу керек. Қауын мен қарбыз үшін шілде-қыркүйек айлары пісу уақыты болып есептеледі.
«Бақша дақылдарының айналымы (тасымалдау, сақтау және өткізу) олардың сорты, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын қажетті ілеспе құжаттар болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Қарбыз-қауынды сақтау үшін жабдықталған бақша павильондарында және супермаркеттерде арнайы сөрелерден сатып алу дұрыс, себебі онда бақша дақылдарын сақтаудың санитариялық шарттары әлдеқайда жоғары.
«Кесілген қарбызды немесе қауынды сатып алуға және сатушыдан оларды кесуді сұрауға болмайды, бұл санитариялық ережелермен тыйым салынған. Кесілген қарбыз бактериялық ластанумен қауіпті.
Қарбыз бен қауынды тұтынар алдында сабынмен мұқият жуып, қайнаған сумен шаю керек. Қарбыз, қауын және басқа да дақылдар сияқты құрамында талшықтары мен глюкозасы көп өнімдерді тамақтанғаннан кейін ғана тұтыну керек.
«Сонымен қатар, қауын мәйегінде темір, калий, кальций, магний, В, С және А дәрумендер тобы, каротин және пектиндер көп екенін білу пайдалы. Осы микроэлементтердің арқасында қауын жүрек-тамыр ауруларының алдын алу құралы болып табылады, қандағы холестеринді төмендетеді және атеросклероздың дамуына жол бермейді, жүйке жүйесін тыныштандырады, асқазан жұмысын қалыпқа келтіреді, сонымен қатар организмді токсиндерден тазартады.
Қарбыз ыстықта сергітіп қана қоймайды, сонымен қатар құрамындағы көптеген заттармен пайдалы. Қарбыздағы фолий қышқылы (В9 дәрумені) бауырдың майлы инфильтрациясына жол бермейді, иммундық жүйені қорғайды, ақ қан клеткаларының – лейкоциттердің қалыпты құрылуы мен жұмыс істеуіне ықпал етеді, жүктілікте маңызды рөл атқарады – эмбрионның жүйке жасушаларының қалыптасуын реттейді, бұл оның қалыпты дамуы үшін аса маңызды».
Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұсаева Анель Берікбайқызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через