фото: pixabay.com
Арақтан бас тартқан Бояулының өмірі бес жылда танымастай өзгерген
Алматы облысында бүтін бір ауыл ащы судан алшақтағанына бес жылдан асыпты. Бояулы елдімекенінің тұрғындары тіпті той-томалақтың өзін ішімдіксіз өткізіп жүр, деп жазды ktk.kz.
Бұл бастаманы ауыл ақсақалдары көтеріпті. Кейін халық та бірауыздан қолдаған. Осылайша дүкендердің бәрі сөреден алкогольді алып тасаған.
Қазір Бояулыда арақ түгілі, сыраның өзін таба алмайсың. Спирттік ішімдікке сылқия тойып алып ылаң салатындар болмаған соң, ауылда қылмыс та айтарлықтай азайған.
Бес жылдан бері мұнда бірде-бір ауыр санаттағы құқық бұзушылық тіркелмепті. Өйткені ауыл жастары кафе жағалап жүрмейді. Ал бос уақытында бөтелкелес болып емес, білек күшін белдесіп сынауда.
Раушан Көпенбаева, Бояулы ауылының тұрғыны: — Осы дүкенде жұмыс істеп жатқаныма 15 жыл болды. Ауылымзда осы дүкен ашылғалы спирттік ішімдік мүлдем сатылмаған. Соның арқасында ауылымызда қылмыс болмайды. Біздің ауылымыз басқа да ауылдарға үлгі болса екен деп тілейміз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через