Түнгі ұйқының бұзылуы адам психикасына әсер етеді

Түнгі ұйқының бұзылуы адам психикасына  әсер етеді
фото: https://pixabay.com/ru/

Psychiatry Research журналында жарияланған зерттеуді жүргізген ғалымдар 70 мыңнан астам ұлыбританиялықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді зерттеді. Үнемі түнгі сағат 00.00 кейін ұйықтау депрессиядан зардап шегетіндерге және мазасыздыққа шағымданатындарға тән екені анықталды.

"Мида мінез-құлыққа, импульсивтілікке және тежелуге байланысты кейбір механизмдер бар. Түнде ұзақ уақыт бойы ояу болсаңыз, бұл психикалық денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін", - деп түсіндірді Питтсбург университетінің психиатрия кафедрасының доценті Мэттью Лерер.

Зерттеу авторлары хронотиптің маңызы жоқ екенін атап өтті. Яғни бұл нәтиже түнде ерте ұйықтап, таңертең ерте оянатындар үшін же, кеш ұйықтап, кеш оянатындар үшін де бірдей маңызды.

Сонымен қатар, түнгі сағат 00.00 кейін ұйықтайтындарға ең аз психикалық бұзылулар диагнозы қойылған.

ҚазАқпарат