Құрбандық шалғанда қандай санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау керек

Құрбандық шалғанда қандай санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау керек
фото: https://www.google.com/baribar.kz

       Мақсаты – мал мен құрбандық шалу кезінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу.

       «Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекцияларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін».

Мал сату және сою пункттерінде:

·        Құрбандыққа шалынатын жануарларды сату және сою тиісті ветеринариялық құжаттары (ветеринариялық паспорты, жануарлардың тіркеу нөмірі) бар арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылуы керек;

·        сою кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау тиісті (су құбырының және кәріз жүйесінің болуы), сою процесінде пайда болған қалдықтарды жедел өңдеу және шығару қажет;

·        Қызметкерлерде жеке медициналық кітап шалары болуы және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы қажет.

 Үйде:

 ·        Қонақтардың қолдарын жууға жағдайдың болуы;

·        Асхана орындарын жүйелі түрде желдету;

·        шикізат пен азық-түлік өнімдерін, олардың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары бар орындардан сатып алуға;

·        үйде дайындалған консервілерді (салаттар, ет, құсеті, балық, саңырауқұлақтар) қолданар алдында оларды 15-20 минут қыздыру қажет;

·        еттен, құс етінен, жұмыртқадан тез бұзылатын өнімдерді, сондай-ақ пашттерді, аспаздық өнімдерді, кілегей қосылған кондитерлік өнімдерді, салаттарды дайындағаннан кейін дереу қолдану керек, сақтау талаптарын бұзған жағдайда келесі күні қолдануға болмайды;

·        пустулярлы тері аурулары бар кезінде, іріңдеген кесектер, күйіктер, зақымдар, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабыну кезінде тамақ дайындауға қатыспау керек.

Қоғамдық тамақтандыру орындарында және мешіттерде:

 ·        салқын және ыстық сумен жабдықтауды және кәрізбен қамтамасыз ету, келушілер мен қызметкерлерге арналған раковиналарды қол жууға, сүртуге және (немесе) кептіруге арналған құрылғылармен және құралдармен жабдықтау;

·        желдету және ауа баптау жүйесінің үздіксіз жұмысы;

·        қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жөнелту құжаттарының болуы;

·        азық-түлік объектісінің шаруашылық аймағында санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету;

·        персоналдың арнайы киімі, медициналық тексеруден өткен жеке кітапшасы, гигиеналық дайындығы және жұмысқа рұқсаты болуы;

·        жұмыс ауысымы басталар алдын да жеке күнделікті медициналық тексеруден өткізу.

        Алматы қаласы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мусаева Анель Берікбайқызы