Қай жаста алкогольден мүлдем бас тартқан дұрыс?

Қай жаста алкогольден мүлдем бас тартқан дұрыс?
фото: pixabay.com

65 жастан асқан адамдар Альцгеймер ауруын кешіктіру үшін алкогольден мүлдем бас тартуы керек, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.  

Зерттеулерге сәйкес, алкогольді шамадан тыс тұтыну Альцгеймер ауруының даму қаупін арттырады. Waleslline сайты жазғанындай, Алкогольден толық бас тарту деменцияның басталуын кешіктіруге көмектеседі. Себебі ол мидың жүйке жасушаларын тікелей зақымдайды. Мұндай жағдайда ақ заттың көлемі азаяды, бұл ағзаның қалыпты жұмысын бұзады.

Деменцияның алдын алу үшін стрессті болдырмау, дұрыс тамақтану, темекі шегуден бас тарту, тұрақты физикалық және психикалық жаттығулар жасау, қан қысымын, қандағы холестерин деңгейін және салмақты бақылау секілді адам денсаулығы үшін қажетті ережелерді сақтау керек.

 Бұған дейін дәрігерлер терең ұйқы кезеңінде ми қалдықтардан тазартылатынын айтқан еді. Бұл деменцияның даму қаупін азайтады.

Күндізгі физикалық шаршау, бөлмедегі салқындық пен қараңғылық және ұйықтар алдында гаджеттерден бас тарту сздің жақсы ұйықтап, жақсы демалуыңызға септігін тгізеді.

pixabay.com 

Алкогольден бас тарту арқылы бауыр циррозы, панкреатит, түрлі қатерлі ісік сияқты көптеген аурудың даму қаупін азайтуға, сонымен қан қысымын, жүрек-қан тамырлары жұмысын қалпына келтіруге және теріні тез  қартаюдан сақтауға болады.

Бауыр-ағзадан токсиндерді шығаратын маңызды орган. 

Егер адам алкогольді тұрақты ішсе, бауыр оны денеден шығарумен әлек болып,  басқа қызметін атқаруына күші  жетпей қалады. Сондықтан алкоголизммен бірінші зардап шеккен орган бауыр. Барлық маскүнемге тән ауру - бауыр циррозы. Алкогольден бас тартқан кезде бауыр өзінің тікелей міндеттеріне кіріседі. Сондықтан терінің, ұйқының және жалпы жағдайдың жақсарғанын байқауға болады.