Нұралы Әліптің жеңісті голы «Зенитке» Ресей кубогын сыйлады

Нұралы Әліптің жеңісті голы «Зенитке» Ресей кубогын сыйлады
фото: pixabay.com

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің соққан голы «Зенит» клубына Ресей кубогында жеңіс алып келді. Команда биыл сол елдің чемпиондық атағын жеңіп алумен бірге кубокқа да қол жеткізді.

Ресей кубогында «Зенит» Калининград қаласының «Балтика» ұжымымен кездесті. Матчта Санкт-Петербург қаласының ұжымы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Кездесу барысында «Зенит» жеңіліп жатқан еді. Алайда 81-минутта «Зенит» сапынан Нино есепті теңестірсе, 95-минутта Нұралы Әліп ойынның нүктесін қойды.

Командада бірге ойнайтын әріптесі Андрей Мостовойдың әуелете берген пасын қазақстандық футболшы баспен қақпаға тоғытты. Бұл — маңызды матчтағы жеңіс голы еді. 

Қазақстандық футбол түлегі команда құрамында алғашқы минуттан жасыл алаңға шықты. 

Айта кетсек, Ресей федерациясы кубогы Санкт-Петербург командасы үшін аталған жарыстағы бесінші трофейі.

Сондай-ақ биыл Нұралы Әліп «Зенит» командасымен бірге үшінші мәрте Ресей чемпионы атағына қол жеткізді.

Оған қоса олар Ресей суперкубогын алды. 

Осылайша «Зенит» өз тарихында алғаш рет үш үш турнирде жеңімпаз атанып, требл жасады.

Дерккөз kaz.inform.kz.